Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған «Кел, балалар оқылық!» атты жазғы сауат ашу курсы басталды.
Арнайы дәріске жүзден аса шәкірт тіркеліп, бүгін алғашқы дәріске қатысты.
Мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы шараға арнайы қатысып, ілім алудың артықшылығы жайында тұщымды насихат айтты.
Сонымен бірге, мешіт имамы балдырғандарды мешіт әдебімен таныстырып, білім сапарларына сәттілік тіледі.
Жазғы демалысқа шыққан оқушыларға арналған курс аясында балалар бойынша Құран әліппесі, Құран, Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірбаяны, әдеп, т.б. пәндер бойынша сабақ алатын болады. Оқушылар ұлдар және қыздар тобы бойынша жүргізіледі.
Пікірлер