Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бүлдіршіннің еміне көмек көрсетілді
05 маусым, 2023 жыл 88 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау ауданы, Көкпекті ауылының имамы Сұңқар Мұхамедовтың ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық шарасында аймақ тұрғыны, Рамазан есімді дертке шалдыққан бүлдіршіннің еміне 1 000 000 теңге  қаржылай сертификат табысталды.

Шара барысында аймақ имамы аталмыш отбасының шаңырағын арнайы зиярат етіп,  Рамазанның дерттеріне шипа тілеп, дұға жасады.

Бүлдіршіннің ата-анасы  демеушілік көрсеткен жандарға зор алғысын білдірді. Қайырымдылық іске атсалысқан барша жандарға Алла разы болсын!

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары