Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда балалар қуанышқа бөленді
Теміртауда балалар қуанышқа бөленді

   Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Бейбіт Бақытжанұлының ұйымдастыруымен ата-ананың қамқорлығынан тыс қалған балаларға ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында балаларды аймақтағы ойын-сауық паркінде апарып,  ерекше көңіл-күй тарту етілді. Орталық мешіт имамы балаларды мерекесімен құттықтап, ақылды да білімді болып ер жетулеріне дұға жасады.  Балалар үшін арнайы аттракцион-батуттар орнатылып, дастархан жайылып, түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Ұйымдастырушылар мен демеушілерге мекеме басшылығы мен тәрбиешілері зор алғысын айтты.

 

Қарағанды облысыс бйынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz