ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Нұра аудандық орталық мешітінің жанынан мәйітхана ғимаратының құрылысы бой көтеріп келеді.
Аймақ имамы Бокаев Ерлан Серікұлының ұйымдастыруымен жүргізіліп жатқан құрылыс нысанының бүгінде қабырғалары бой көтеріп, шатыры қойылып үлгерген. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалған нысан жақын арада жамағаттың қолданысына берілмек.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет.
Пікірлер