Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Облыс бас имамы жаңа мешіт құрылысымен танысты
09 маусым, 2023 жыл 230 Басып шығару нұсқасы

    ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы Балқаш қаласына барған сапарында аймаққа қарасты Приозерск қаласында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.
Қызметтік сапар барысында Балқаш қаласының имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейілханұлы облыс бас имамына жаңа мешіт құрылысының жұмыс барысын таныстырды. Бой көтеріп жатқан құлшылық үйімен таныс болған Естай Айтуғанұлы мешітті жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді.  Игі іске өзіндік бағасын берген облыс бас имамы мешіт құрылысына көмектесіп жатқан демеуші азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.
Айта кетсек, құлшылық үйінде бір мезетте 400 адам намаз оқи алады.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары