ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Топар кені «Жұмабек Тәшен» мешітінде «Имани жаз» атты жазғы сауат ашу дәрісі өз жұмысын бастады. Жазғы дәрістің алғашқы күні мешіт имамы Ақмағамбет Мурсали Қаленұлы балаларға «Білім алудың артықшылығы» жайында насихат айтып,өзінің батасын берді.
Дәрісте жас жеткіншектерге әдеп сабақтармен қоса имандылық дәрістері жүргізіліп, ойын-сауық шаралары ұйымдастырылуда.
ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер