Center Image
IHSAN.KZ
Абайда жазғы дәріс тұрақты өтуде
Абайда жазғы дәріс тұрақты өтуде

   Қарағанды облысы, Абай аудандық орталық мешітінде  «Имани жаз» атты жазғы сауат ашу дәрісі жалғасын тауып келеді.

Жазғы дәрісте балалар тек діни сауат ашып қана қоймай, спорттық ойындар ойнап, дене шынықтыруда. Сонымен қатар, балаларға тәттілер үлестіріліп, көңілді серуендер ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ, шәкірттерге мешіт ұстазы Дәуренбек Арғын дәріс берумен  шектеліп қана қоймай, тәрбие сағаттарын да  өткізу үстінде.

ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz