Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Бала қажы» мешітінде жазғы дәріс аяқталды
20 маусым, 2023 жыл 66 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Имани жаз» атты жасөспірімдер арасындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курсты тәмамдаған бүлдіршіндерге мешіт имамы Махмұд Нұрұлы  арнайы сертификат табыстап,   бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді. Шараға Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы арнайы қатысып, бүлдіршіндерге "Білім алудың артықшылығы" тақырыбында насихат айтып, батасын берді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу лагерінде мектеп жасындағы балаларға ислам  әдебі, иман негіздері, Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, исламның алғышарттарын үйретті. Ата аналар разылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыстарын білдірді. Марапаттау рәсімінен кейін балаларға сыйлықтар табысталды.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары