Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Өмірге үміт сыйла» жобасы жалғасын тапты
20 маусым, 2023 жыл 62 Басып шығару нұсқасы

    ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының  Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында   ауыр дертке шалдыққан Аяна есімді бүлдіршіннің еміне 400 000 теңге қаржылай көмек берілді. 
Қарағанды облысына қарасты Көкпекті ауылдық мешітінің имамы Сұңқар Қадырұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасы барысында  Аянаның анасына 400 000 теңге қайырымдылық сертификаты табысталды.
 Қызының дертіне шипа сұрап түрлі ем-шаралар алып жүрген баланың   анасы жақсылықта жарысып, қайырымдылық жұмыстарына атсалысып жүрген жомарт жандар мен дін қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Айта кетейік, емге қажетті қаражат демеушілер мен жанашыры жандардың қолдауымен жиналды.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары