Center Image
IHSAN.KZ
Шәкірттер «Батут орталығында» бой сергітті
Шәкірттер «Батут орталығында» бой сергітті

   Маусым айының алғашқы жұлдызынан бастау алған «Имани жаз» атты жазғы сауат ашу дәрісі Қарағанды қалалық «Қазыбек би » мешітінде көңілді жалғасуда.  

Жазғы дәрісте балалар тек діни сауат ашып қана қоймай, спорттық ойындар ойнап, дене шынықтыруда. Сонымен қатар, балаларға тәттілер үлестіріліп, көңілді серуендер ұйымдастырылуда. Бүгінде мешіт имамы Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен жас жеткіншектер қаладағы «Батут орталығына» арнайы келіп, бой сергітті.

Сондай-ақ, шәкірттерге мешіт ұстаздары дәріс берумен  шектеліп қана қоймай, тәрбие сағаттарын да  өткізу үстінде.

ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz