Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облыстық  «Әнет баба» мешітіне жаңа  наиб имам тағайындалды
Қарағанды облыстық  «Әнет баба» мешітіне жаңа  наиб имам тағайындалды

  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Асқаров Амангелді Дәулеткелдіұлы Қарағанды облыстық  «Әнет баба» мешітіне  наиб имам болып тағайындалды.

Қасиетті жұма күні Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы  дін қызметкерін жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. 

Асқаров Амангелді Дәулеткелдіұлы

1991 жыл Ұлытау облысы, Қаражал қаласында дүниеге келген.

Білімі:

  • 2012-2015ж.ж «Әбу Бәкір Сыздық» медресесін тәмамдаған;
  •  2018 ж.ж Имамдардың білім жетілдіру институтында білім алған;
  •  2019-2022 ж.ж арасында «Нұр Мубарак Ислам Египет мәдениеті университетінің» исламтану факультетін тамамдаған.

 

Жұмыс тәжірибесі:

2016-2019 ж.ж арасында Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде ұстаздық қызмет атқарған.

Үйленген, екі баласы бар.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz