Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Топарда құрбан айттың құрметіне қайырымдылық ұйымдастырылды
29 маусым, 2023 жыл 102 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінде өткен Құрбан айт мейрамықайырымдылықпен жалғасын тапты. 

Алдымен, таңғы сағат 06:00-де мешіт ауласында айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.

Ұлы мейрамда Алла үйінде бас қосқан жергілікті жамағатты мешіт имамы Мурсали Қаленұлы Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, мейрамды берекелі, сауапты өткізуге шақырды. 
Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады.

Ұлық мейрам қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты. Атап айтқанда, «қазақ күресі, «қой көтеру», «кір тасын көтеру, «қол күресі» сынды ойындардан жергілікті жамағат бақ сынасты. Одан кейін, аймақтағы көмекке мұқтаж отбасыларға құрбандық етімен қымыз үлестірілді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары