Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысы құрбан айтта 3 929 отбасыға 34 тонна ет үлестірді
30 маусым, 2023 жыл 128 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Қарағанды облысында биыл құрбан шалу офлайн және  онлайн жүзеге асып, 3 929 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Құрбан айттың алғашқы күні ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы құрбандық шалуға арналған қасапханада  алғашқы құрбандық малының батасын жасап,  ел мен жердің тыныштығы үшін дұға жасады.

«Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыс бойынша көмекке мұқтаж отбасыларға  үш күнде 34 тонна 545 кг ет үлестірілді. Тарқатып айтқанда,  офлаин 1116  қой, 124  ешкі, 34  ірі қара және онлайн сайт арқылы  44 қой, 8 ешкі, 3 ірі қара құрбандыққа шалынды.  Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, облыс бойынша 3 929 отбасыға  құрбандық еті таратылды.

Игі шараға дін қызметкерлері, жергілікті жамағат және еріктілер тобы ат салысты. Алла Тағала шынайы ниетпен құрбан шалып, мұқтаж отбасыларға мерекелік қуаныш сыйлап, сауапты іске ортақтасқаны үшін барлық азаматқа разы болғай! 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары