Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Өмірге үміт сыйла» жобасы кезекті қайырымдылықты жүзеге асырды
03 шілде, 2023 жыл 73 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының  Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында  қатерлі дертке шалдыққан Динара есімді азаматшаның еміне қаржылай көмек берілді. Қарағанды облысына қарасты Көкпекті ауылдық мешітінің имамы Сұңқар Қадырұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасы барысында науқас жанға  1 050 000 теңге қайырымдылық сертификаты табысталды.
Дертіне шипа сұрап түрлі ем-шаралар алып жүрген  жан қайырымдылық жұмыстарына атсалысып жүрген жомарт жандар мен дін қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Айта кетейік, емге қажетті қаражат демеушілер мен жанашыры жандардың қолдауымен жиналды.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары