Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТТІ
03 шілде, 2023 жыл 660 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ бастамасымен имамдардың біліктілігін сараптау мақсатында Қарағанды облысының жаңадан діни қызметке тағайындалғалы жатқан имамдары аттестаттаудан өтті.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен құрылған аттестаттау комиссиясының құрамында Бас мүфтидің кеңесшісі Дүйсенбай Кенжетай Байкемелұлы және ҚМДБ Төрағасының орынбасары,  наиб мүфти, «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы болды. 

Комиссия мүшелері Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өңірдегі жиырма бір имамның білімі мен біліктілігін сарапқа салды. 

Имамдар Құран, ақида және фиқһ ілімдерінен сынақ тапсырды. Аттестаттау имамдардың діни лауазымына қарай бірнеше санатқа бөлінді. 

Сондай-ақ, имамдар ҚМДБ қабылдаған бірнеше концептуалдық құжаттар бойынша сынақ тапсырды.

Ал, екінші кезеңде ауызша сұрақ-жауап бойынша сынақ өткізілді. Бұл кезеңде имамдар қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен коцептуалды құжаттар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдерін саралады. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары