Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Нұр» мешітінде жазғы дәріс басталды
05 шілде, 2023 жыл 115 Басып шығару нұсқасы

 Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған «Имани жаз 2023» атты жазғы сауат ашу курсы басталды.

Арнайы дәріске жүзден аса шәкірт тіркеліп, бүгін алғашқы дәріске қатысты.

Мешіт имамы алғашқы дәріске   арнайы қатысып, ілім алудың артықшылығы жайында тұщымды насихат айтты. 

Сонымен бірге, мешіт имамы балдырғандарды мешіт әдебімен таныстырып, білім сапарларына сәттілік тіледі.

Жазғы демалысқа шыққан оқушыларға арналған курс аясында балалар бойынша Құран әліппесі, Құран, Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірбаяны, әдеп, т.б. пәндер бойынша сабақ алатын болады. Оқушылар ұлдар және қыздар тобы бойынша жүргізіледі.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары