Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ростовка ауылына имам тағайындалды
10 шілде, 2023 жыл 398 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Заметдинов Марғұлан Жұмабайұлы Қарағанды облысына қарасты Ростовка ауылдық «Балкен ана»  мешітінің  имамы болып тағайындалды.

Қасиетті жұма күні Бұқар Жырау ауданы «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Акошев Рүстем Мұратұлы   жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Бұған дейін Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған Марғұлан Жұмабайұлының қажырлы қызметіне баға беріп, тәжірибелі имамның бұл жұмысты да табысты атқарарына сенім білдірді. 

Сондай-ақ, «Балкен ана» мешітінде бұған дейін имамдық қызметін абыройлы атқарып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Қазтай Саламаттың жасаған жұмыстары үшін облыс бас имамы алғысын білдіріп, иығына қазақы қошеметпен шапан жапты. 


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары