Center Image
IHSAN.KZ
Баймырза ауылының тұрғындарымен кездесу өтті
Баймырза ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында облыс наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы Бұқар Жырау ауданына қарасты Баймырза аулынының тұрғындарымен кездесті. 

Кездесуге Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Акошев Рүстем Мұратұлы да арнайы қатысты. Шара барысында облыс наиб имамы имандылық тақырыбында уағыз айтып, ауыл тұрғындарын ынтымақ пен ауызбіршілікте болуға, көп сауапты істер жасап,  Аллаға құлшылық етуге шақырды.

Ауыл тұрғындары мен жастары да өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz