«Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау ауданында көкпардан жарыс ұйымдастырылды.
Аймақ жамағаты мен жастары бас қосқан дүбірлі додаға 50-ге жуық жүйрік ат пен шабандоз қатысты.
«Жігітке жеті өнер де аз. Өскелең ұрпақ, жалынды жастардың білімге құштарлығы мен өз халқының салт-дәстүріне деген аса зор құрметінің арқасында біздің елдің алар асқары биік болары хақ», -деді Бұқар Жырау ауданының имамы Рүстем Мұратұлы.
Шараның басты мақсаты жастардың бойына салт дәстүріміздің құндылықтарын сусындатып, салауатты өмір салтына баулу.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер