Center Image
IHSAN.KZ
«Nicedog» фаст-фуд өнімдері сертификатталды
«Nicedog» фаст-фуд өнімдері сертификатталды

   Қарағанды қаласындағы «Nicedog» атты фаст-фуд тез тамақтану орны сертификатталды.  Арнайы сертификатты «Халал Даму» дың Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асқаров Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады

«Nicedog» кәсіпорнының ет және нан өнімдерін дайындайтын цехы, шикізаттары мен тағамдық қоспалары түгелдей тексерілді. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, халал тағамдық қоспалар мен зертханалық тексерістің маңыздылығы, өндіріс орнында шариғат талаптарын сақтау мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өз кезегінде, «Nicedog»  кәсіпорны өкілдері «Халал Даму» мамандары қызметін жоғары бағалап, «QMDB halal» таңбасына лайықты түрде қызмет атқаратындарын жеткізді.

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz