Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Облыс бас имамы Теміртау қаласының әкімімен жүздесті
01 тамыз, 2023 жыл 72 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы  Әбдіғали Естай Айтуғанұлы бақылау-басқару жұмыстары бойынша Теміртау қаласына барған сапарында шаһар басшысы Таурбеков Ораз Қайсаұлымен жүздесіп сұхбат құрды.

Келелі кездесуге Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінің наиб имамдары  Қоныскерей Құмарұлы, Ақниет Сәлімбайұлы, Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлы және жергілікті әкімшіліктің қызметкерлері қатысты.

Басқосуда Теміртау қалалық мешітінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары мен аймақтың қазіргі діни қал-ахуалы сөз етілді. Сондай-ақ, имамдардың әлеуметтік мәселесі талқыға салынды.

Теміртау қаласының діни ахуалынан хабар алған қала басшысы жергілікті құлшылық үйлерінің кем-кетігі мен басқа да қажетті дүниелерді жүзеге асыруда қол ұшын беретінін жеткізіп, әкімшілік тарапынан қолдау білдіретінін айтты.
 
Келелі кездесу соңында екі тарап дін мен дәстүр сабақтастығы төңірегінде бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары