Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Саранда жаңа мешіттің салынуына қатысты жиын өтті
03 тамыз, 2023 жыл 185 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлының ұйымдастыруымен қала әкімшілік ғимаратында жаңа мешіт құрылысына қатысты жиын болып өтті.

Келелі кездесуге Саран қаласының әкімінің орынбасары Бейскеев Сағынбек Жаңбырбайұлы, ақсақалдар алқасының төрағасы Аброев Болат Айтмаганбетұлы, Саран қалалық мешітінің наиб имамы Мухамедқали қажы Салиқов және ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде қаладан жаңа мешіттің құрылысын бастау мәселесі талқыға салынды. Игі бастамаға жергілікті әкімдік тарапынан қолдау болатыны жеткізілді. Аталмыш мәселе бойынша жергілікті ақсақалдар өзіндік ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. 

Сонымен қатар, аймақтағы «Жаназа және жерлеу» рәсімдері, «Зират және зиярат» мәселесі талқыға салынды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары