Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Өмірге үміт сыйла»: Көркемнің көзіне көмек көрсетілді
03 тамыз, 2023 жыл 107 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының  Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында  көздің ауыр дертіне шалдыққан Көркем есімді азаматшаның еміне қаржылай көмек берілді. Қарағанды облысына қарасты Көкпекті ауылдық мешітінің имамы Сұңқар Қадырұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасы барысында науқас жанға  300 000 теңге қайырымдылық сертификаты табысталды.     Дертіне шипа сұрап түрлі ем-шаралар алып жүрген  жан қайырымдылық жұмыстарына атсалысып жүрген жомарт жандар мен дін қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Айта кетейік, емге қажетті қаражат демеушілер мен жанашыры жандардың қолдауымен жиналды.  

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары