Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Дархан дала» жобасы Саран қаласында насихатталды
03 тамыз, 2023 жыл 146 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлының ұйымдастыруымен «Дархан дала» жобасы аясында Игілік би Өтепұлының кесенесі зиярат етілді. 

Шараға Саран қаласының дін қызметкерлері бастаған ақсақалдар алқасының мүшелері мен аймақ жамағаты қатысты.

Рухани шарада Нұржігіт Оразалыұлы жиналған қауымға «Зират және зиярат» әдебі мен «Имандылық иірімдері» турасында насихат айтты. Құран оқылып, бабаның рухына дұға бағышталды.

Игілік би Өтепұлы 1769-1860 жылдар аралығында өмір сүрген қазақ даласындағы көрнекті қоғам қайраткері. Қарағанды маңындағы көмір мен мыс кендерін игеруге үлкен үлес қосқан. Кенесары хан басқарған көтеріліске қолдау көрсеткен. Жазушы Ғабит Мүсіреповтың "Оянған өлке" романының басты кейіпкері де осы Игілік би Өтепұлы.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары