Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне наиб имам тағайындалды
04 тамыз, 2023 жыл 356 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Темурбаев  Ақниет Сәлімбайұлы Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінің  наиб имамы қызметіне тағайындалды.

Қасиетті жұма күні Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы  жаңа наиб имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. 

Темурбаев  Ақниет Сәлімбайұлы 
1989 жылы 06 мамырда  Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылында дүниеге келген.

Білімі:
-    2011– 2013жж  «Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университеті;
-    2013 – 2015жж Әл-Әзһар институты;
-    2015 – 2020жж Әл-Әзһар университеті;
-    2020 – 2021жж Әл-Әзһар университеті (магистратура);
-    2020 – 2021жж Әл-Әзһар университетінің жанындағы «Дәр  Әл–Ифта»      Пәтуа комитеті».

Еңбек жолы:

- 2017-2020жж Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі және ҚМДБ-нының Мысыр Араб республикасы бойынша барлық қазақ студенттеріне жауапты төрағасы,
-   2020-2021жж Мысыр Араб республикасы бойынша «ТАЛАБА» студенттер қауымдастығының ресми жетекшісі,
-  2022-2023жж «Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ. Теолог;
-    2022-2023жж Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясы директорының орынбасары қызметін атқарды. 

Үйленген, 2 баласы бар.
 
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары