РАНТ мүшесі, Маңғыстау орталық мешітінің наиб имамы Юнус Қадырқұлұлы Асга Қарағанды өңіріне жасаған қызметтік іс-сапары барысында облыстық «Әнет баба» мешітінде «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында жұма уағызын айтты.
Қазіргі қоғамда әсіресе жастар аласында белең алып отырған жат ағымның зардаптары мен зянын және оның алдын алу жоларын тілге тиек етті.
«Қазіргі уақытта мәзһаб ұстану – темірқазық іспеттес бағыт-бағдар берер тура жол. Жастарымызды түрлі ағымдарға еріп кетуден сақтап, қоғамның береке-бірлікте болуы үшін әрқайсымыз аянбай тер төгуіміз қажет.
Хәкім Абай: «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп айтқанындай, тура жолда берік болып, бірлігіміз бен бауырмалдығымызды сақтап, жат ағымның алдауы мен арбауынан сақтанайық», деді РАНТ мүшесі Юнус Қадырқұлұлы.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер