РАНТ мүшесі, Маңғыстау орталық мешітінің наиб имамы Юнус Қадырқұлұлы Асга Қарағанды облысына арнайы іс-сапармен барды.
Алдымен жергілікті «Saryarqa» және «5 арна» телеарналарында «Исламдағы бала тәрбиесі», «Отбасы тәрбие бастауы» тақырыптары аясында сүбелі сұхбат өрбітті. Одан кейін, Қарағанды облысы өкілдігі және облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Әнет баба» мешітінде «Деструктивті теріс идеологиялық ағымдардың салдары мен қаупі» атты діни оңалту жұмыстарына қатысты семинар өткізді.
Іс-шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Ақниет Сәлімбайұлы және облысқа қарасты дін қызметкерлері мен теологтар қатысты.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Күндердің сұлтаны жұмада облыстық «Әнет баба» мешітінде «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында уағыз айтты.
Бұдан кейін РАНТ мүшесі Қарағанды облысына қарасты Қарабас елдімекеніндегі №61 және №35 түзету мекемелерінде және тергеу изоляторындағы сотталған азаматтармен кездесті.
Ал кешкілік ақшам намазынан кейін «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде бірлігі жарасқан жамағатпен кезекті дәстүрге айналған дастархан басында бас қосты. Шара барысында жиналған қауымға насихат айтып, жамағатпен бірге ел амандығы үшін дұға жасап, Қарағанды жұртына есендік тіледі.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер