Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен «Әнет баба» мешітінде жас жеткіншектерге арналған құран дәрістері жүйелі жалғасын табуда.
Жазғы демалыстарын қасиетті Алла үйінде білім алумен өткізген жеткіншектерге арнайы дәрісті ұстаз Думан Қамариденұлы жүргізуде. Әр түрлі жастағы шәкірттер бастауыш және жалғастырушы топтарға бөлініп, тәжуид, құран пәндері бойынша сауат ашуда.
Дәріс соңында шәкірттердің ілімге деген ынталарын ашу мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, оқушылардың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілуде.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер