Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Сарышаған: Мешіт жанынан асхана ашылды
08 тамыз, 2023 жыл 249 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Сарышаған кенті мешіті жанынан  асхана ашылды.

Асхананың ашылу салтанатына Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы, Ақтоғай ауданының имамы Еркін Әуелбекұлы, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Абылай Базылұлы, кент әкімі Әнуар Тойымбеков және аймақтың ақсақалдары мен жергілікті тұрғындары қатысты.

Шара барысында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы  азаматтардың еңбегін айтып, игі іске атсалысқан жандарды алғыс хатпен марапаттады. Елдің амандығы мен тыныштығы үшін Жаратқаннан дұға тіледі. Сондай-ақ, қоғам қайраткерлері, ақсақалдар сөз сөйлеп, бата берді. 

Одан кейін, бас имам жергілікті жамағатпен жүздесіп, «Дін мен дәстүр» сабақтастығы аясында уағыз-насихат айтты. 

Жоғары деңгейде аталып өткен мешіт асханасының ашылу салтанатында берекелі дастархан жайылып, күйшілер күйін шертіп, жыр толғады. 

Тарихи күнге БАҚ өкілдері куә болып, облыс бас имамынан айтулы шара жайында сұхбат алды.

Шара барысында салтанатты шараға облыстан арнайы келіп қатысқан және  игі істің жүзеге асуына мұрындық болған бас имам Естай Айтуғанұлына жергілікті тұрғындар құрмет көрсетіп,  иығына шапан жапты.

Айта кетейік, 250 адамға арнап салынған мешіт асханасы заман талабына сай құрал -жабдықтармен толық қамтылған. 

Жақында ғана жөндеу жұмыстары аяқталған мешіттің екінші қабатынан бірнеше қызметтік бөлмелер де қарастырылған. Атап айтқанда, ұстаздар бөлмесі және шағын  діни сауат ашу қайырымдылық  орталығы да қарастырылған. Сондай-ақ, жолаушыларға арналған демалыс бөлмелерімен де қамтамасыз етілген.  

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары