Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Два пельменя» тамақтану орны сертификатталды
10 тамыз, 2023 жыл 86 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды шаһарының тұтынушыларына адал ас ұсынып, халал стандартының талаптарына сай қызмет ететін тағы бір тамақтану орнымен толықты. Бұл жолы келген қонақтарына тағамның түр-түрін ұсынатын «Два пельменя» тамақтану орны  «Халал Даму» ЖШС –ның cертификатын иеленді. Арнайы сертификатты бөлімнің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады. 

Мекеменің қызмет барысын толық тексерістен өткізіп, мекеменің асханасына зертханалық жұмыс жасау мақсатында «Халал Даму» ЖШС –ның  технолог мамандары арнайы бақылау жұмыстарын жүргізді.  Тексеріс барысында өнімдердің құрамы, асхананың өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығын тексерді.

Сондай-ақ, қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.

Алдағы уақытта «Два пельменя»  тамақтану орнының  асы адал, жұмыстары берекелі бола берсін демекпіз! 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары