ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында ауыр дертіне шалдыққан Ислам есімді азаматтың еміне қаржылай көмек берілді.
Қарағанды облысына қарасты Көкпекті ауылдық мешітінің имамы Сұңқар Қадырұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасы барысында науқас жанға 453 000 теңге қайырымдылық сертификаты табысталды. Дертіне шипа сұрап түрлі ем-шаралар алып жүрген жан қайырымдылық жұмыстарына атсалысып жүрген жомарт жандар мен дін қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Айта кетейік, емге қажетті қаражат демеушілер мен жанашыры жандардың қолдауымен жиналды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет
Пікірлер