Қарағанды облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында волейболдан жарыс өтті.
Сайысқа Қарағанды облысына қарасты мешіттерден келген бірнеше команда қатысты. Атап айтқанда, "Әнет баба", «Бала қажы» мешіті, "Төлеутай ата" мешіті, Теміртау мешіттерінің жамағаты, "Бірлік" және "Ана Мама" қайырымдылық қорының командалары қатысты.
Шараның басты мақсаты әйел-қыздар жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Спорттық додада әр ойын қызу да тартысты өтіп, «Бала қажы» мешітінің атынан бақ сынға түскен әйелдер коммандасы бас жүлдені қанжығаларына байлап, жүлдегерлер марапатталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет
Пікірлер