ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде "Бірлігі жарасқан жамағат" атты рухани кеш болып өтті. "Ислам-ынтымақ және бірлік діні" жылы аясында өткен шараның негізгі мақсаты жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту. Шара барысында мешіт жамағатына дастархан жайылып, Қарағанды қалалық "Қазыбек би" мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, рухани отырысқа қатысушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер