Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шет ауданының діни ахуалы талқыланды
21 тамыз, 2023 жыл 57 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы  Шет ауданына  арнайы іс-сапармен барды. Аталмыш сапар барысында наиб имам аудан басшысының орынбасары Стыбай Орал Зәмірбекұлымен кездесті. 

Қоныскерей Құмарұлы бастаған дін қызметкерлерін жылы шыраймен қабылдаған Орал Зәмірбекұлы жергілікті имамдардың ауданның рухани өміріне қосқан үлесінің ерекше екендігін атап өтті.

Жергілікті мешіттердің тыныс-тіршілігіне қатысты әңгімеде мешіт құрылыстары, дін қызметкерлерінің жағдайы, мешіттерді құжаттандыру сынды өзге де мәселелер ортаға салынды.

Сонымен қатар, қайырымдылық жұмыстарын бірлесіп атқару, асыл діннің насихаты, жат ағыммен күрес тақырыбы сөз болды. 

Сондай-ақ әкім  ауданның діни ахуалына мүмкіндігінше қолдау көрсетіп, бірлесіп қызмет атқаратындығын жеткізіп,  имамдармен  ұлттық құндылықтармен рухани тәрбиені насихаттау, дамыту бағытында бірқатар шаралар жасауға келісті.  Қоныскерей Құмарұлы дінімізге жанашырлығы үшін  аудан әкіміне алғыс білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары