Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ақтоғайда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
21 тамыз, 2023 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен  Ақтоғай аудандық мешітінде жыл сайын  дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы болып өтті.

Игі іс-шара барысында 80 балаға оқушы сөмкесі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді.

«Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Сол себепті жыл сайынғы игі іс-шараға биыл да үлесімізді қосып, Ақтоғай ауданының көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына сый жасап отырмыз. Оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, акцияға демеушілік жасаған жомарт жандарған шексіз алғысымызды білдіреміз. Алла разы болсын!» дейді ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мирас Ерланұлы. 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары