Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен мешітте жас жеткіншектерге арналған діни сауат ашу дәрістері жоғары деңгейде жалғасын тауып, Құран үйрету топтары ашылған болатын.
Құран үйрету курстарына ықылас танытып, дәріске қызыққан балалар мен ересек шәкірттер тұрақты қатысуы арқылы курсты толық меңгеріп, нәтижесінде Құранға түсті. Қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы құранға түскен шәкірттерге насихат айтып, Құран кітабын табыстады. Сонымен қатар, зейінді шәкірттерге дәріс өткізіп, Құран ілімінен насихат жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, жас жеткіншектерге жаз бойы Құран ілімдері бойынша діни сауат ашу дәрісін өткізген «Нұр Мүбара» Египет Ислам мәдениеті университетінің 4-курс студенті Көпеева Ақбөкен өзіне жүктелген міндетін жоғары деңгейде аяқтап, ұстаздардың ризашылығына бөленді.
Шәкірттерге Құран кітаптары табысталып, ынталандыру шарасы өткеннен кейін, табиғат аясында дастархан жайылып, жеткіншектер берекелі отырыста бас қосты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер