Center Image
IHSAN.KZ
Шет ауданы имамдарымен кездесу өтті
Шет ауданы имамдарымен кездесу өтті

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен облыс наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы Шет ауданына  барған қызметтік сапары барысында аймаққа қарасты дін қызметкерлеріне жиын өткізді. 

Жиынға аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы бастаған аймаққа қарасты дін қызметкерлері қатысты. Бақылау - басқару шарасы барысында облыс наиб имамы ауданның діни ахуалын талқыға салды. Атап айтқанда, мешіттерді құжаттандыру, мешіт құрылыс жұмыстары, дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы қозғалды.

Одан кейін, «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жерлеу рәсімін шариғатқа сай атқару, ысырапшылдыққа жол бермеу, жаназа және жерлеу рәсімінде бірізділікті қалыптастыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, аймақтағы жат діни ағыммен күрес жұмыстары ортаға салынды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz