Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әл Машани» мешіті Қарқаралы шәкірттерін қонақ етті
24 тамыз, 2023 жыл 125 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешіті Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің жас шәкірттерін қонақ қылып, көңілді демалыс ұйымдастырды.

Мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлының бастамасымен жүзеге асқан шара барысында Қарқаралы ауданы «Құнанбай қажы» мешітінің «Имани жаз» жазғы діни сауат ашу дәрісінің шәкірттеріне қаладағы «Zam Zam» тамақтану орнында арнайы дастархан жайылып, дәм берілді. Шараға Қарқаралы ауданының имамы Құбылайхан Орынбекұлы арнайы қатысып, осындай игі істі жүзеге асырған «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлына алғысын білдірді.

Шараның басты мақсаты жас-жеткіншектеді білім алуға ынталандыру.  

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары