Center Image
IHSAN.KZ
Абай ауданында «Қайырымдылық қоржыны» үлестірілді
Абай ауданында «Қайырымдылық қоржыны» үлестірілді

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен аймақтағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік қоржыны үлестірілді.

Игі шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мирас Ерланұлы арнайы қатысты. Шара барысында қырық отбасы қамтылды. «Қайырымдылық-қайырлы іс» атты шара барысында аудандық мешітке жиналған отбасыларға мешіт имамы Асхат Қанайұлы шараның мақсаты мен маңызын түсіндірді. 

Қырық  отбасыға теңдей үлестірілген азық-түліктер мешітке келе алмаған отбасылардың шаңырағына жеткізіліп берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz