Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы болып өтті.
Шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мирас Ерланұлы қатысты. Игі іс-шара барысында 50 балаға оқушы сөмкесі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді.
«Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Сол себепті жыл сайынғы игі іс-шараға биыл да үлесімізді қосып, аймақтағы көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына сый жасап отырмыз. Оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, акцияға демеушілік жасаған жомарт жандарған шексіз алғысымызды білдіреміз. Алла разы болсын!» мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы өз сөзінде.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер