ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен өңірге қарасты «Әйел-қыздар» cекторының ұйымдастыруымен «Отбасым-бақыт мекенім» атты әйелдер жамағатына арналған рухани кеш болып өтті.
Сектордың облыс бойынша жауапты меңгерушісі әрі «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызының мұрындық болуымен өткен шара барысында әйелдер жамағаты қазақы киіз үйде бас қосты.
Шара барысында «Әйел адамның білім алуының маңыздылығы», «Құрсақ шашу дәстүрінің мәні мен маңызы», «Жүректің тыныштығы», «Бес уақыт намаздың артықшылығы» тақырыптары аясында уағыз-насихат айтылды.
Сауабы мен әсері ерекше шара соңында шәкірттер осындай игі істі жүзеге асырған мешіт ұстазына алғыстарын білдіріп, арнайы дайындаған дастарханнан дәм ауыз тиді.
«Мұндай іс- шаралар жамағаттың ынтымақтастығы мен ауызбіршілігін арттырады» - дейді мешіт ұстазы Айгерім Берікболқызы.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер