Center Image
IHSAN.KZ
«Мектепке жол» акциясы «Нұр» мешітінде жалғасты
«Мектепке жол» акциясы «Нұр» мешітінде  жалғасты

  Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қалалық «Нұр»   мешітінің имамы Әсет Наурызайбұлының ұйымдастыруымен  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. 

Іс-шара барысында балаларға мектепке қажетті сөмкелер мен құрал-жабдықтар табысталды. Қайырымдылық шарасына қатысқан «Нұр»  мешіт азаншысы Байкешев Нұрғали Берікқұлұлы ата-аналар мен балаларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуда озат, еңбекте табысты болуын тіледі.  Қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын, оқушыларға (дәптерлер, қалам, сызғыш, циркуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, сурет дәптер, қалам ұштағыш, желім, аяқ киімдер т.б.) үлестірілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz