Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданы «Төлеутай ата» мешітінің имамы Серік Аманбайұлының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтіп, отыз балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.
Қайырымдылық шарасына қатысқан «Төлеутай ата» мешітінің имамы Серік Аманбайұлы ата-аналар мен балаларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуда озат, еңбекте табысты болуын тіледі. Қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын, оқушыларға (дәптерлер, қалам, сызғыш, циркуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, сурет дәптер, қалам ұштағыш, желім, аяқ киімдер т.б.) үлестірілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер