Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әлихан Бөкейхан» мешіті 100 баланы мектепке қамдады
28 тамыз, 2023 жыл 39 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде жыл сайын  дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы болып өтті.

Игі іс-шара барысында 65 балаға оқушы сөмкесі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді. Атап айтқанда, 65 балаға мектеп сөмексі, 100 балаға мектеп формасы, 10 балаға спорттық киім үлестірілді. 

Шара барысында мешіт имамы Бейбіт Бақытжанұлы  білім жолындағы бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ, акцияға атсалысқан демеуші жандарға да өз алғысын білдіре келе бұл қайырымдылық шарасы білімге жасалып  отырған қолдау екенін атап өтті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары