Center Image
IHSAN.KZ
ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету оралығының кезекті семинары өтті
ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету оралығының  кезекті семинары өтті

    Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде Орталықтың өңірдегі жауапты мамандары жергілікті билік өкілдері мен ақсақалдардың қатысуымен "Жаназа және жерлеу рәсімдеріне" қатысты арнайы семинар өткізді.  

Шара барысында муфтияттан арнайы келген Орталықтың директоры Мейрамбек Қабылбекұлы жаназ мен жерлеу және зират көтеру рәсімдерінде ысырап пен бәсекелестікке жол бермей бірізділікте болуы үшін Орталықтың атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, жұмыс ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар, жаназадан кейінгі ас беру мен зират көтерудің жалпыға ортақ мәдениеті жайында түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы осы тұрғыдан атқарылып жатқан ауқымды істерді баяндап, аймақ имамдары мен ақсақалдарға халық арасында насихат жұмыстарын жұмыла жүргізуді тапсырды. 

Жиын соңында ҚМДБ-ның 2020 жылы имамдардың республикалық IV форумында қабылданған «Зират және зиярат» пен «Ас беру» мәдениеттері туралы құжаттары таныстырылып, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz