Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Дәстүрлі бас қосуда адал астың маңыздылығы насихатталды
04 қыркүйек, 2023 жыл 141 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы  Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен «Дін мен дәстүр» бағытыаясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде бірлігі жарасқан жамағат кезекті дәстүрге айналған дастархан басында бас қосты. 
Дін мен дәстүрдің құндылықтары сабақтасқан рухани отырыста Қарағанды облыстық  «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Амангелді Дәулеткелдіұлы «Адал астың маңыздылығы» жайында уағыз-насихат айтты. Одан кейін, «Дін мен дәстүр» бағытының облыс бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы жиналған қауымға дәстүрге қатысты сұрақ-жауап ұйымдастырып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар үлестірді. 
Үрдіске айналған  бұл шарада елуге жуық мешіт жамағаты дастахан басында бас қосты. 
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары