Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«UNITEA» ШӘЙ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТЫН ЖАҢАРТТЫ
04 қыркүйек, 2023 жыл 198 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды қаласында орналасқан "Хасенов Е.Ш" кәсіпорнына тиесілі «UNITEA» шәй өнімдері сертификатын жаңартты. Арнайы   «QMDB Halal» сертификатын "Халал Даму"-дың Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дұрыскелдіұлы табыстады.

1995 жылы өз тарихын бастаған "UNITEA" шәй өнімдері  түйіршіктелген және жапырақты, жоғары сапалы шәй өнімдерін Кения мен Үндістаннан тасымалдайды. Қанық түсті, ерекше дәмді "UNITEA" шәйлары Қазақстан ғана емес Ресей нарығында айрықша сұранысқа ие. Кәсіпорынның шәй коллекциясының ішіндегі ең үздігі "Ақман" шәйі. 2015 жылы көпшілікке ұсынылған "Ақман" шәйі отандық тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланды.  "Халал Даму" мамандарының толыққанды тексеріс қорытындысынан кейін "Хасенов Е.Ш" кәсіпорнының 19 түрлі сауда белгісімен шығарылатын шәй өнімдері "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдануға, сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды.

 "Хасенов Е.Ш" кәсіпорнына тиесілі "UNITEA" шәй өнімдерінің "QMDB Halal" стандартына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары