ҚМДБ-ның Қарағанды облыcтық «Әнет баба» мешіті жанындағы «О.Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығы жаңа оқу жылында жаңа шәкірттермен толықты.
Аталмыш білім ошағының директоры әрі қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы биылғы оқу жылында діни іліммен сусындамаққа ниет еткен шәкірттермен арнайы кездесіп, дәріс оқыды.
Білім жолындағы жастарды жігерлендіріп, ұлтты сүю, салт-дәстүрді сақтау, елге қызмет, ата-анаға құрмет жайлы насихатын жеткізді.
«Білім алу, оның ішінде діни білім аламын деп келген талпыныс-ниеттеріңе Алла сауаптан жазсын! «Оқу – инемен құдық қазғандай» деп суреттеледі. Оның қиындығы көп. Осы жолда бірнеше жыл талмай ізденсек қана, табысқа жетеміз. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білім алу мұсылман ер мен әйелге – парыз», – деп білім алудың діндегі орны ерекше екенін ескерткен» , деген Сайлау Жұмағұлұлы білімнің маңызына тоқталды.
Айта кетейік, 2017-жылдан бастап қызмет етіп келе жатқан «О.Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығында қазіргі уақытта қырық беске жуық шәкірт білім алуда.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер