Қарағанды қаласындағы «Плов в коробочке» қоғамдық тамақтану орны Халал Даму ЖШС – ның сертификатын жаңартты.
Халал Дамудың технолог мамандары кәсіпорында тексеріс жұмыстарын қайта жүргізіп, бақылау шараларын өткізді.
Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.
Нәтижесінде « Плов в коробочке » қоғамдық тамақтану орны «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай екендігі анықталып, халал сертификаты жаңартылды. Арнайы сертификатты Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер