Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Кентаулық имам «Әнет баба» мешітінде тәжірибеден өтті
07 қыркүйек, 2023 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, діни оқу-ағарту бағытын күшейту мақсатында бір апталық тәжірибе алмасу үшін  Түркістан облысы, Кентау қалалық мешітінің бас имамы Айекеев Ғалымжан Абдуллаұлы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қызметтік тәжірибеден өтті.

Діни оқу ағарту бағыты бойынша тәжірибе алмасу мақсатында келген дін қызметкерін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы қарсы алып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ризалық білдірді. Одан кейін,   «Әнет баба» мешітінің наиб имамдары, әр бөлімнің жауапты меңгерушілері   атқарылып жатқан жұмыстарды баян етіп, таныстырды. 

Сондай-ақ, облыстық «Әнет баба» мешіті жанынан тігілген қазақы киіз үйде жергілікті  жамағатпен бас қосып, насихат айтты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары